Аударма ісі

Аударма ісі — бұл ерекше мамандық

Аударма ісі-бұл ерекше мамандық, ол білім алушылардан аударма және тілдерді білу саласында кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерін талап етеді.

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24 — маусымда Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр.

Мамандық атауы: 02310100 «Аударма ісі», квалификация: 4S02310101- «Аудармашы», оқу формасы: күндізгі.

02310100 — «Аударма ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі.

   Күндізгі оқу бөлімі:

— Негізгі орта білім беру базасы-2 жыл 10ай;

— Жалпы орта білім беру базасы-1 жыл 10 ай;

02310100 «Аударма ісі» мамандығы бойынша күндізгі оқу түрі бойынша білім алған түлектердің квалификация  4S02310101«Аудармашы» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектер мынадай кәсіби қызметтерде жұмыс атқара алады:

– аударма (әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды жазбаша аудару, келіссөздерді, халықаралық кездесулерді, конференцияларды ауызша аудару);

– ұйымдастыру (әр түрлі іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);

-отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде өндірістік-басқару (басшылық және/кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әртүрлі түрлері) );

– ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хат – хабарларды, есептерді, шолуларды, жағдайдың болжамдарын жасау, аудармаларды редакциялау);

-ғылыми-зерттеу (тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).

             Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшілік өкілдіктер,туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады.

 Аударма ісі саласындағы түлектер оқыған тілдерді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар құқықтану, экономика, мұнай-газ саласында, саясаттану және банк ісінде арнайы білімі бар басқа  мамандықтарда да жеткілікті білім алады.

Оқу орнын бітірген соң 02310100 «»Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады.

Жоғары көпсалалы «Болашақ»  колледжінің  түлектері колледжден кейін  ЖОО-на түсіп, оқуларын жалғастыруда. Колледждің түлектері облыстың  барлық салаларында ,әсіресе шетелдік компанияларда  сұранысқа ие.

Аударма- халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.