Бастауыш білім беру

Жоғары оқу орындарында маман даярлау үдерісінде шетел тілінің пəн ретінде қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне жалпы мəдени алға басуында қозғаушы фактор болып табылады. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пəн ретінде оқытудың дəрежесін жоғарылатады. Қоғамдық құрылыстың барлық құрылымдары дамушы жүйе ретінде қарастырылғандықтан, олардың құраушыларының өзара байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске сəйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сəйкес жалпы орта білім беретін мекемелердің басты міндеттері тек жоғары дəрежелі, сапалы білім беру ғана емес, сондай-ақ ұлттық жəне əлемдік мəдениетке сай тəрбиеленген, еркін əрі қажырлы іс-əрекет ететін, жан-жақты ойлай алатын тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24 маусымдағы Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр. Мамандықтың атауы: 01140100 «Бастауыш білім беру»; квалификация 4S01140102« Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі».

Тәжірибе өту үшін ауылдық, қалалық мектептерге жіберіледі.

Тәрбие жұмысы колледждің кешенді жоспары және спорттық іс – шаралар жоспарының негізінде оқушылар арасында жыл са йын өткізіліп тұрады. Жылдың басында топтардағы жұмысты реттеу үшін топ кураторларының жоспары құрылып бекітілді, топ активтері сайланды. Бекітілген кесте бойынша кураторлық сағаттар және ата – аналар жиналысы өткізіледі. «XXI ғасыр көшбасшысы», «Halloween» — Мирамбекова Г. М. іс – шаралары «Бастау»

Жыл сайын арнайы пәндер кафедрасы апталығы шеңберінде тәрбиелік сипаты бар іс –шаралар, интеллектуалды ойындар, семинарлар өткізіледі. Тілдер мерекесіне орайластырылған апталықта «Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының студенттерін қатысуымен өткізілді.

Аударма ісі — бұл ерекше мамандық

Аударма ісі-бұл ерекше мамандық, ол білім алушылардан аударма және тілдерді білу саласында кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерін талап етеді.

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24 — маусымда Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр.

Мамандық атауы: 02310100 «Аударма ісі», квалификация: 4S02310101- «Аудармашы», оқу формасы: күндізгі.

02310100 — «Аударма ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі.

Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі мамандығының студенттері кәсіптік дайындықты ғана емес, қоғамдық қызметпен де белсенді айналысуда. Факультет жастарының комитеті әртүрлі олимпиадаларды, «Жайдарман» – көңілді тапқыштар алаңы, мерекелер, қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады. Пікірсайыс, дебат, интеллектуалдық – пікірталастық клубтар жұмыс жасайды. Екі лингафон кабинеті арнайы шет тілі сабақтарын практикалық түрде өткізу және дыбыстық мәтіндерді оқу, жаттығу және қайталау үшін жабдықталған.

Оқу орнын бітірген соң 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады.