Есеп және аудит

Асанова Зоя Мақсатқызы – Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің арнайы пән оқытушысы. Білімі -жоғары. Еңбек өкілі – 17 жыл, соның ішінде педагогикалық өкілі — 4 жыл. Колледжде 2, 3, 4 курс студенттеріне «Экономика негіздері», «Бухгалтерлік есеп және есеп беру», «Аудит» пен «Қаржылық есеп» және т.б. арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізеді. Оқу жылында түрлі семинарларға қатысып, кәсіби біліктілікті арттыру куәліктеріне және марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Колледждің «Есеп және аудит» мамандығының 2016-2018 оқу жылдары аралығында ЕАК-301/9 тобының топ жетекшісі болды.

Бұл топта 10 студент білім алып, 2019 жылы оқуларын тәмәмдады. Соның ішінде 3 студент үздік диплом иесі атанды. Қазіргі таңда осы топтың бес студенті Алматы экономика және статистика Академиясында және бір студент Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы университетте «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білімдерін жалғастыруда. Ал топ түлегі Сайлаубаев Айдын – өз бизнесін ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды.Осы мамандық бойынша біздің колледжде ең алғаш бітірген түлектер 2014 жылы болатын, міне, сол жылдан бері біздің колледжімізде жылда осы мамандық түлектер бітіріп шығады. Көп студенттер оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастырып, жұмысқа орналасып, алған білімдерінің жемісін көруде. Осы нарықтық заманындағы біздің негізгі мақсатымыз бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау.

Рабаева Құндыз Болатовна – Жоғары көпсалалы «Болашақ»колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының оқытушысы. Еңбек өтілі 7-жыл педагогикалық өтілі 3- жыл. 2- курс студенттеріне: Қаржы және несие, Қаржылық есеп, Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау,және статистика пәндері бойынша сабақтар жүргіземін. Бухгалтер – экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Кез келген, тіпті шағын компания бухгалтер қызметі болады. Ол қызметкердің жалақысын, салықтық төлемдерді,тауар бағасын анықтайды. 2019 жылы Есеп және аудит ммандығында 16 судент бітірді. Студенттер барлық іс- шараларға қатынасты «Қыз сыны», «Көркем ару» соымен қатар 2018-2019 жылдары табиғатты қорғау марофонына қатынасты ЕАК-301/9 тобы.