Кітапхана ісі

Менің таңдауым – кітапхана ісі !

Шығыстың ғұламасы, ғалым-энциклопедиясы, Аристотельден кейінгі «Екінші
ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында:
«Кітап — білім бастауы, адамзаттың ұстазы!..» — деген болатын. Осы сөзде
оқырманды ойға бастайтын ізгі тілек, ұшқыр ой жатқандай. Кітапқа құрмет, кітаби
білімге құштарлық ешқашанда жоғалмасы анық. Кітапсіз өскен өскелең ұрпақ замана
көшінің ұрымтал тұсын аңдай алмай, қарша бораған ақпарат тасқынының астында
көміліп қалуы ғажап емес. Оған қоса әлем философтары да осы ойды баса айтуда.
Әлқисса, кітапханаға келгенде сізге ізет танытқан ізгі жандар күліп қарсы
алады-дүр.  Бұл — кітапханашылар! 

 

Мамандығы: 0104000 – Кітапхана ісі (сала бойынша)/ Библиотечное дело (по профилю)

9 кл. негізінде «сырттай бөлім» — 2 жыл 10 ай – «заочное отделение»

11кл. негізінде «сырттай бөлім» — 1 жыл 10 ай – «заочное отделение»

      Әрбір білім алушы өзінің теорияда алған білімін тәжірибемен ұштастыра отырып шыңдайды, тереңдетеді және бекітеді. Тәжірибеден өту білім алушыға жеке сенімділік, мамандыққа деген құштарлықты қалыптастырады, ал өндірістік тәжірибеде білім алушы теориялық білім нақты қызмет барысында пайдалануды үйренеді. Өндірістік тәжірибенің білім алушыға тигізетін пайдасы өте зор, тәжірибенің соңында білім алушы өз есебін қорғаумен аяқталады.

      «Кітапхана ісі» бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына 28.04.2017 жыл № 330 бұйрығына сәйкес 0104000 – Кітапхана ісі (сала бойынша) 0401013 «Кітапханашы» біліктілігі бойынша – болашақ мамандарға ақпаратты пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін, кітапхана қызметінің жан-жақты әдіс-тәсілдерін оқытып үйретеді.

       Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білімді де парасатты маман даярлауда еңбегі орасан зор. Өзінің он жылдық тарихында мыңдаған мамандар даяр­лап шығарды. Кітапхана мамандығын бітір­гендердің көпшілігі аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және басқа да техникалық, ғылыми кітапханаларда беделді қызметтер атқарып жатқанын зор ықыласпен айта аламыз. Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығын өмір бойы сүйіп өтетін жандар болады. Қасиетті қазынамызды көздің қарашы­ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуы­на өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек.

    Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек.

     Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралардың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.Ендеше, білім бұлағының қайнар көзі – кітапханалар сарқылмай, өрлеп, өркендей берсін.

     Тәуелсіз елдің кітапханашысы – алдымен патриот болуы тиіс. Себебі, оқырманға егеменділіктің бағасын сездіруге де, рухын оятуға да кітап керек. Ал, кітапханашы осы дүниелердің насихатшысы. Мен кітапханашы болғаным үшін, осыншама қазына – байлықтың ортасында қызмет жасағаныма өзім мақтанамын және кітапты көп оқитын замандастарымның, құрдастарымның көбейіп келе жатқанына қуанамын.Заман талабына сай кітапхана — ақпараттық қоры мол һәм мәдени, рухани орталық! Оқу ордаларында білім беру, қажетті кітаптармен қамтамасыз ету — кітапханалардың міндеті

       Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде білім берудің жаңаша үлгісі, оқытудың оңаша үдерісі — кредиттік технологияның ендірілуі білімнен өз еншісін алғысы келетін студенттердің өзіндік білім алу деңгейін арттыруға бағытталғаны оқу бағдарының анық екенін аңғартады. Осы тұрғыда, кітапхана мамандарын оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру, ғылыми-техниканың жаңа жетістіктерін игерген кадр даярлау қолға алынды. Бүгіндері, педагогтардың қабілет-қарымын дамытуда кітапхананың үлес салмағы үлкен, зайырлы қоғам қалыптастырудағы міндеті зор екені айдан анық.

      Жас талапкер, мен сізді кітапханашы мамандығына оқуға шақырамын!