Кітапхана

Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Ол – талай ғұлама бас иген киелі орын. Бүгінгідей ғылым мен жаңа технологияның қарыштап дамыған заманында да кітап пен кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып келеді. Кітапхана жыл сайын бекітілген жоспарға сай білімалушылардың кітап оқу мен кітапханаға деген қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей міндеттерді қояды:

  • Білім алушылар мен педагогтардың кітапхана – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету арқылы өздігінен білім алуын және оқу – тәрбие процесін қамтамасыз ету;
  • Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, патриоттық тәрбие беру, сондай–ақ кітапхананы еркін пайдалануға үйрету;
  • Кітапханалық дәстүрлі және жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, ой – өрістерін дамыту;
  • Баспасөз беттеріндегі жаңалықтармен қамтамасыз ету;
  • Ағымдағы жылдың «Волонтерлер жылы» деп жариялануына байланысты, дарынды жастарға қолдау көрсету;
  • Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және жастарға кітапхананың құндылығын дәріптеу.

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі кітапханасы колледж ашылғаннан бері біте қайнасып жұмыс жасап келеді. Кітапхана қоры жалпы саны — 81354 дана, оның 50539 данасы оқулық, ал 25815 данасы оқу – әдістемелік құралдар, 5000 дана электронды дискі бар.

Кітапхана өз оқырмандарына тақырыпты көрмелер мен колледж қабырғасында іс – шараларға атсалысуда. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытында «Ұлт мақтанышы — Елбасы» және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Колледжде 3-12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндік өтті. Осы іс – шара барысында «Мейірім төгетін ана» атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталды.

2020 жылдың ақпан айының 7-ші жұлдызынан ақпан айының 28-не дейін, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітапханам» атты бейнежазба байқауы өткізілді. Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі атынан Тәжіғалиева Маржан МДК 401/9 тобының студенті қатысып кайтты.