Колледждің тәрбие жұмысы

Былгарина Алия Айбековна

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Жаста берген тәрбие – тал шыбықты игендей

     Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан, еліміздің гүлденуіне үлес қосатын саналы азамат, білгір де білікті маман ретінде тәрбиелеуде техникалық және кәсіптік білім беру ошақтарының алатын орны айырықша.Сондай колледждердің бірі     —  жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі.

      2010 жылы 6-мамырда біздің білім ордамыз шәкіртттерге өз есігін айқара ашты. Содан бері сан мыңдаған  шәкірт білім алып, қоғам өміріне араласты.

Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағытттары:

1. Жаңа Қазақстандық  патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

2. Рухани-танымдық тәрбие

3.Ұлттық тәрбие

4.Отбасылық тәрбие

5. Еңбек, экономикалық  және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және  көркем-эстетикалық тәрбие.

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

     2020-2021 оқу жылына арналған колледждің  тәрбие  жұмысы жоспары бекітілді. Жоспарларға сәйкес жұмыс түрлері уақытымен өтуде. «Абай Құнанбаевтың туылғанына — 175 жыл» атты  ашық тәрбие сағаттары өткізілді.  Ата-аналар жиналысы кесте бойынша жүргізілуде .

    Колледжімізде «Шебер қолдар», «Болашақ» -дебат, «Қол добы», «Тоғызқұмалақ» , «Би өнері» , «Ораторское искусство»  үйірмелері жұмыс жасайды. Білім алушыларымыз жарыстарға қатысып, жүлделі орындар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

    «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында белсенділік танытып, туған өлкемізді көгалдандыру мен абаттандыруда қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннен  Сенбай Нұрдаулет Нұрбекұлына   Нұр –Сұлтан қаласына жолдама берілді.

     Колледжіміздің «Жарқын болашақ» еріктілер тобында   білім алушыларымыз қалалық ,облыстық деңгейде қол көмектерін көрсетуде. Оқытушылар және білім алушылар  ZООМ- платформасы арқылы  дөңгелек үстел, вебинар, конфереция, онлайн семинарларға қатыстырылып белсенділіктерін көрсетуде.

     Тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарды орындағаны бойынша есеп әр семестр қорытындысы бойынша жылына екі рет келесідей бағытта: куратор – кафедра меңгерушісіне, кафедра меңгерушісі – тәрбие жұмыстары жөніндегі директор  орынбасарына, тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары – колледж басшысына тапсырылады.

Тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің (ТЖжК) ең негізгі міндеті – студенттер арасындағы тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру.

       ТЖжК жұмысы болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда адамның жан-жақты ұйлесімді дамуына, өз бойына рухани байлық пен адамгершілік тазалықты және дене шынықтыру жағынан өзін — өзі ұтымды дайындауға тәрбиелеу.

    Тәрбие – тұлғаны қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсене қатыстыруға жүйелі де мақсатты түрде бағыттайтын дайындау үрдісі.
    Тәрбие әдісі – тәрбие міндеттері шешіміндегі көптеген жалпы әдістер жиынтығы мен тәрбиенің өзара әрекеттерін жүзеге асыру.