Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Жоғарғы көпсалалы «Болашақ» колледжі 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығын беруде қоғамға білікті,білімді маман дайындауды сүбелі үлес қосты деп мақтануға болады.осы 10 жыл көлемінде мыңдаған тәрбиешілерді шығарып салды.

Кәсіби бағдарлама беру формасы:

  • күндізгі;
  • сырттай

Негізгі мақсаты: Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі. Жас ұрпақ тәрбиесі заманымыздың «ұлы ісін» атқарушы тәрбиеші мамандығының қыры да сыры да көп, қиын да қызықты. Бұл іс тәрбиешіден балалардың күн санап өсуін, ақыл-ойының дамуын,писхологиясының, дене құрылысының жетілуін,мінез –құлқының қалыптасуын,дүние танымының кеңеюін үнемі көріп, сезіп отыруды талап етеді.

Сондықтан тәрбиеші күнделікті жүмысынды балалардың үздіксіз өсе беруін, білімінің молайып идиялық көзқарасының, сезісініңартуын көздеп, оларға жүйелі ықпал етуді қарастырады.

Қызметтің ерекшелігіне байланысты тәрбиеші педагог әдепті игеру , педагогтік парыз, подагогтік әділеттілік, кәсіптік намыс пен абырой, педагогтік бедел, ар-ождан, мұғалімнің еңбек тәртібі сияқты категориялар негіз болады.

Педагогтің жеке басының психологиялық жағынан қалыптасуы, кәсіптік бақылампаздығы, жүйке жүйелерінің ерекше төзімділігі, ұжымдағы қарым-қатынас стилі, табиғатқа, қоғамға, өнерге, әдебиетке, ғылымға, т.б. қызығушылығы, эмоциялылығы, педагогтік оптимимизмі, артистігі, денсаулығы, дене бітімі, сырт келбеті, жинақылығы, ұқыптылығы, белсенділігі, кез келген жаста жарқын жүзділігін, жағымды көңіл-күйін, шығармашылық қабілетін, жалпы мәдениетін сақтауы. Бұл мәнді компонент мамандыққа байланысты жан-жақсы қарулануды талап етеді.

Педагог әдептілігінің келесі бөлігі – мұғалімнің кәсіби қарулануы. Өзін-өзі жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жүргізу, мамандығы бойынша білімін тереңдету, педагогика, психология теориясын, әдістемені игеру, әдебиетпен өнерге ден қою, үздіксіз іздену. Тәрбиеші сөз өнерін, шешен сөйлей білуді игеруі тиіс. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімді шешендік өнер әдіс-тәсілдеріне баулып отыру керек. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды: тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, анық, мақамдап сөйлеу, орпоэфия нормаларын сақтау, әдеби тілді игеру, сөздің эмоциялық әсерлілігін қалыптастыру қажет. Міне, осындай мақсаттарды ұстаным жасай отырып, колледж мұғалімдері Қонырбаева Клара Тоқтасыновна тағыда басқа педагогтар болашақ қоғам иесі бүлдіршіндерге, тыңғылықты тәрбие бере аладын тәрбиешілер дайындайды.

Қазіргі таңда колледж оқытушылары барлық жаңа әдістерін оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді.Мысалы Психология пәні бойынша өткізілген «Баланы мектепке дайындау», «Мектепке дейінгі бала психикасын дамытудың жолдары», Логопедия пәні бойынша «Тіл бұзылуының жіктелуі» атты ашық сабақтар.

Мектепке дейінгі педагогика пәнінен «Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру» өзбетімен тәжірибелік сабақ , Технология және оқыту әдістемесі пәнінен «Қуыршақ театрын» ұйымдастырып теория мен тәжірибені ұштастыруда.