Мейргер ісі (Джакабаева Д.Д.)

Джакабаева Дина Давлетияровна менің өз мамандағым әйел дәрігері акушер-гинеколог.

– Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің мейіргер ісі мамандығының оқытушысы. 2 курс «Мейргер ісі мамандығы» 0302000 студенттеріне: Анатомия, Физиология, Психология және коммуникативті дағдылар және Мейіргер ісі негіздері және Генетикалық биология пәндерінен, Латын тілінен теориялық және тәжірибелік сабақтарын жүргіземін.

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2019 жылы ашылды. Мамандықтың атауы:; квалификация: 0302000 «Мейіргер ісі»; оқу формасы: күндізгі.

Күндізгі және кешкі оқу бөлімі:

  • Негізгі орта білім беру базасы – 3 жыл 10 ай;
  • Жалпы орта білім беру базасы -2 жыл 10 ай.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №661 бұйрығына сәйкес әзірленген үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының негізінде 0302000 «Мейіргер ісі» мамандағы бойынша құрастырылған бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Адам анатомиясы — адам денесінің құрылысы мен тұлмысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым.

Анатомия тәжірибелік дәрігер, фельдшер мамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндерінің медициналық білімінің негізі болып саналады.

Анатомия пәнінің негізгі мақсаты –адам денесінің, мүшелер мен жүйелердің құрылысын, ағзаның жекелеген бөліктерінің бір-бірімен өзара байланысын жеке тәуелділігін ашу.

Физиология пәні – организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын түсіндіру, сонымен бірге көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттеп, олардың сыртқы және ішкі ортаның әр-түрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы ұғындыру.

Пәннің міндеттері:

  • тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының тіршілік әрекеттерін оқып үйрету;
  • дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын, әр-түрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын оқып үйрету;
  • қалыпты, патологиялық және клиникалық — үш негізгі физиологиялық бөлімдерінің басты мақсаттары мен зерттеу нысандарын, әдістерін меңгеру;
  • физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру;
  • физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
  • әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.

Латын тілі – «Латын тілі» пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Пән білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын жетілдіруге мына пәндер негіз болады: «Анатомия», «Физиология», «Патологиялық анатомия», «Патологиялық физиология» пәндері бойынша әртүрлі жастағы адам анатомиясы мен физиологиясы, организмде өтіп жататын негізгі физиологиялық және патологиялық үрдістер туралы мәліметтер. «Мейіргер ісі негіздері» — медициналық терминологияның негіздері. «Фармакология» — дәрілік заттардың организмге тигізетін әсері, қолдану тәсілдері, көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері.

Медициналық биология генетикамен – «Медициналық биология генетикасы» пәні бойынша оқытудың басты нысаны оқушыларды адам генетикасын жіті игеруге үйрету болып табылады.

Пән адам генетикасын, адамның пайда болу процессінен бастап барлығын қамтиды. Бұл пән мына пәндер негізінде білім алушыларға білімін, дағдысын жетілдіруге негіз болып табылады: «Анатомия», «Биология», «Физиология», «Паталогия анатомиясы», «Патологиялық физиология» пәндері бойынша нәрестеден бастап, егде жастағы адам потологиялары мен организмдері қызметін жіті игеруді қамтиды.

Психология және коммуникативті дағдылар — «Психология және коммуникативті дағдылар» пәні бойынша оқытудың мынадай нысандары ұйымдастырылады: әңгімелесу, пікірлесу, жағдаяттық мәселелерді шешу, өндірістік жағдаяттарға талдау жүргізу, рольдік және іскерлік ойындар, материалдың тұсаукесерін жасау, шағын топтармен жұмыстар, лекциялар, семинарлар, тәжірбиелік оқулар (зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және т.б. Теориялық білімдерін бекіту және қажетті тәжірбиелік біліктіліктер мен дағдысын қалыптастыру үшін пәннің бағдарламасында зертханалық жұмыстарды жүргізу қарастырылды.

Мейіргер ісі негідері — «Мейіргер ісі» мамандығы медициналык қызмет корсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стандарттарға сәйкес ем шараларды орындайды, мейіргер күтімі: пациентке орталықтанған тәсілді пайдалана отырып, оның жақындары мен туыстарының қатысуымен мейіргер күтімін іске асыру: адамның өмір сүру жағдайы мен жұмысы ескеріледі, өйткені пәнді оқыту мақсатында адам эволюциясының заңдылығы, қоршаған ортаның белгілі бір әсерінің нәтижесінде оның өзгергіштігі қарастырылады. Адам денесінің, ағзасының құрылысын оның өмір сүру ортасымен бірге қарау жеке адам анатомиясын оның өмір сүру және еңбек дағдысымен бірге қарастыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл мамандықтың мамандары жекелеген адамдарға тікелей медициналық көмек көрсетеді.

Білім берудің сапасын көтеру мақсатында көрнекілік құрал-жабдықтармен: кесте, муляж, макро-, микро-, препараттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Инновациялық технологияны қолдану. Оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақталар. Көрнекі құралдар білім алушыларға пәнді игеру деңгейін жоғарылатып, дәрістік дайындықтың сапасын көтеріп, медицинаны оқытудың алғашқы кезеңінде болашақ мамандығына қызығушылық тудырады.