Оқыту әдістемесі

Нақыпбекова Гүлмира Темірханқызы — директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың –құзырлы маман даярлау жүйесі кәсіптік –техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді де басым бағыты болып саналады. Оның ерекешелігі сол-кәсіптік оқу үдерісінің басым бөлігі студент те, оқытушы да тұлғалық даму барысында субьеккт ретінде қалыптасады. Іс жүзінде құзырлы маман моделі-болашақ маман мен мемлекеттік мүдделерінің бірлестігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітіп қолданысқа енгізген типтік бағдарламаларға негізделеді. Орта буын мамандарының деңгейлері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларының құрылымы, құзыреттілікке негізделген, икемді, үйлесімді болып келеді: цикл бойынша пәндер оқыту, кәсіптік модульдері, еңбек сыйымдылығы (сағат саны), пәндер атауы, қалыптасқан құзыреттіліктердің коды, нормативтік оқу мерзімі негізгі (9 сынып) және орта білім (11 сынып) базасында көрсетіледі. Колледжімізде жоғары санатты 16, І санатты -11, ІІ санатты-11, магистр — 10 оқытушы бар.

Ғылыми-әдістемелік отырыстар, кеңестер, әдіскер сағаты, сондай-ақ тәрбие жұмыстарының іс шаралары кафедралық, секциялық жүйемен жүзеге асырылады.

Ғылыми даму бағытында жыл сайын дәстүрлі өтілетін ғылыми конференцияларға белсенді қатысушылар саны артып, шығармашылық ізденістерден туындаған сапалы нәтижелер мақалалардың өзегі болғанын да айту орынды. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағытындағы филологиялық және гуманитарлық ғылымдарындағы ізденістер С.С.Чаханова, «Қазақстан ұлттар достығының мекені» Д.Б.Исағалиев, «Қазақстан келешегі жарқын болашақ» Д.А.Конабаев т.б.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру акционерлік қоғам филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттының аға оқытушының Абулхайырова Г.Е. ұйымдастыруымен «Жаңартылған бағдарлама жағдайында студенттердің білімін критериалды бағалау» семинар-тренинг өткізіліп колледждің 19 оқытушысы қатысып, сертификат иеленді. Сонымен қатар «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің білім беру ұйымдарының педагогтарын қолдау мақсатында «Қазақстанның Құрметті Ұстазы», «Қазақстанның Еңбегі Сіңген Педагогі» атты республикалық байқауына қатысып Т.Т.Мүстекенов, Ф.Б.Туртаева, Ж.К.Суйеуова, Н.С.Кенжегазин, Д.А.Конабаев, К.Т.Конырбаева, А.Т.Елманов, А.Х.Жарламова. Осы аталған 9 оқытушыларға төсбелгі, І дәрежелі диплом, куәліктер, жинақ кітаптары табысталды. Республикалық ғылыми-әдістемелік, шығармашылық журналының «Үздік педагог» жоба байқауына Г.Т.Нақыпбекова, Г.М. Хайрлиева, Б.К.Умирбекова, Б.М.Демесиновалар қатысып төсбелгі, диплом, куәліктер, жинақтар табысталды.

Оқу-әдістемелік кешендер колледждің оқытушыларының шығармашылық туындылары ретінде оқу және ғылыми әдістемелік кеңестерде қаралып бекітіледі. Соңғы жылдары жарыққа шыққан көмекеші оқу құралдары: К.Т.Конырбаева «Тіл дамыту теориясы мен әдістемесі», К.Р.Муканова «Компьютерлік желілер және желілік басқару», Ж.К.Суйеуова «Еңбек құқығы» пәнінен тәжірибелік сабақтар жинағы, А.Х.Жарламова «Публистический стиль», Умирбекова Н.К «Жасушаның ашылу тарихы» т.б. Сондай-ақ оқытушылар қашықтық байқауы,олимпиадаларға қатысып алғыс хат, дипломдармен марапатталды. «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2019» аймақтық чемпианат «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша МДК-301/11 топ білім алушысы Мирманова Салатантқа арнайы пән оқытушысы Конырбаева К.Т. жетекшілік етіп 3 дәрежелі дипломмен алғыс хатпен марапатталды. «Елбасы –ел тірегі» интернет байқауының «Тұңғыш Президент» презентация номинациясы ғылыми жетекші Утеулина Б.Т білім алушы Қожамұрат Айдана 3 дәрежелі диплом табысталды, Физика пәнінің оқытушысы Сулейменова С.А «Физиканы оқыту үдерісінде құзіреттілікті тәсілнаманы жүзеге асыру» ғылыми-практикалық семинар диплом, Республикалық қашықтықтан пәндік олимпиада физика пәнінен 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, Чаханова С.С. білім алушылар Айтқали Альбина, Жапбарова Гүлмира «TaIent Academy» ұжымының қолдауымен 2018 жыл республикалық «Балалық шақ» атты дарынды оқушылар байқауы 2 дәрежелі дипломмен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Маманова К.З білім алушы Сағынғали Лаура 2 дәрежелі диплом «Елбасы –ел тірегі» интернет байқауының «Тұңғыш Президент» презентация номинациясы ғылыми жетекшілік етті.

Ой тұжырым-қорытынды: «Естігенің естен шықса,көрген қалар. Көңіліңде, бір нәрсені жасап ұқсаң, ұмытылмас өміріңде» дейді шығыс даналығы. Қазіргі ғылыми зерттеулер бұл даналықтың астарында терең мағына жатқандығын байқатады.

10 Жылдық мерейтойыңмен Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі! Сіздерді барлық білім жобаларында жаңа жетістіктер, жемісті жұмыстар және шығармашылық табыстар тілеймін! Отбасыларыңызда береке-бірлік, ырыс ынтымақ бола берсін! Сапаны арттыра, лайықты бағалау жұмыстарыңыз жемісті болсын