Педиатрия

Жанабаева Мария Қанатқызы мамандығым мейірбике. Жоғарғы Көпсалалы «Болашақ» колледжінде мейірбике болып жұмыс жасаймын.

Колледждің бірінші қабатында медпункт кабинеті орналасқан. Ол екі бөлмеден тұрады. Кабинет медицина құралдарымен жабдықталған. Ширма, кушетка, тоңазытқыш, шкафтар, дәрі – дәрмектерге арнайы орналастырылған. Тәжірбиелік іс жүргізетін Анаатомия, Физиология, Мейірге ісі негіздері сабақтарына арнайы муляждармен қойылған.

Сонымен қатар, Фармация факультеті үшін арнайы дәрі–дәрмектермен жабдықталған бұрыш ашылды. Соның ішінде ең маңыздылары антибиотиктер, кардиологиялық және невралогиялық ауру түрлеріне витаминдер мен антивирусты таблеткалар болып табылады.

Педиатрия негіздері пәнінен 4 курс студентері МДК401/11 мен МДК401/9 топтарына қазіргі таңда сабақ берудемін. Педиатрия (грек. «paidos» бала және « iatria» емдеу) – медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін сала.

Болашақ мамандардың басты мақсаты — мектеп жасында дейінгі кезеңдегі баланың денсаулығын қалыптастыру, оның болашақтағы жұмысқа деген қабілетін және де ұзақ өмір сүруіне кепіл бола алатындығын меңгеру.

Қазіргі таңда студенттерім жұмыс барысында тақырып бойынша алған білімдерін қолдануда. Студенттер мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сай.

МДК401/11 тобындағы студентім Сайлыбай Шынтастың жасап жатқан жұмысы бала денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қиыл-қозғалыс тәжірбиесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.

Қорытындылай келе, колледждің жасап жатқан бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша балама ретінде әзірленді және педагогтар үшін де, ата-аналар үшін де ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру құралы болып табылады.