Психология

Өтегенова Ақүлбір Қайратқызы – Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің психологі және «Психология» пәнінің оқытушысы. Психология ғылымдарының магистрі. Еңбек өтілім 5 жыл, педагогикалық өтілім 3 жыл. 1-4 курс студенттеріне: Психология, Педагогикалық психология және Эксперементалды психология пәндерінен сабақтар жүргіземін.

Елімізде соңғы жылдары білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру жақсы жолға қойылды.

Психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.

Психология пәні — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психология сабағы барысында адам бойындағы эмоциялар мен мінез құлықтарына жеке дара тоқталып өтіп, оқушы бойындағы өзінің тұлғалық мінез-құлқын, қарым-қатынастарын қалыптастыру барысына арналған әр түрлі ойындар мен тренингтер өткізіледі.

Педагогикалық психология — психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала. Педагогикалық психология — білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.

Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс-әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.

Сабақ барысында білім берудің сапасын көтеру мақсатында көрнекілік құрал — жабдықтармен: кесте, сызба, әдіснамалық құралдар, жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Инновациялық технологияны қолдану. Оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақталар. Көрнекі құралдар пәнді игеру деңгейін жоғарылатып, дәрістік дайындықтың сапасын көтеріп, оқытудың алғашқы кезеңінде болашақ мамандығына қызығушылық тудырады.

Сабақтан тыс білім алушылармен. Әр түрлі психологиялық тренингтер өткізіліп отырды «Ашуынызды қалай жене аласыз?», «Стресске қалай қарсы тұрамыз?», «Отбасы-бақыт мекенім» атты тақырыптар барысында тренингтер мен сауалнамалар өткізілді. Аталған тақырыптар бойынша слайд, видеороликтер көрсетіп, үнпарақтар тараттым. Тақырыптар бойынша сауалнамалар алдым. Бізде білім алатын барлық білім алушылардың барлығына психологиялық қолдау көрсетіліді. Уақыттарын тиімді пайдалана біліді. Даму денгейлері қалыптасқан саналы да білімді студенттер.